Алыс ауылдағы мектепке автокөлік табыс етілді

ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Мамырдың 25-інде БҚО-ның Сырым ауданы Елтай ауылдық округіндегі Тасқұдық орта мектебіне «УАЗ» автокөлігі табыс етілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімінің орынбасары Жолдыбай Батырниязов ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтап, Елбасы Жолдауына сәйкес білім саласына бұдан былай да қолдау көрсетіле беретінін жеткізді. Биылғы жылы Сырым ауданы бойынша 321 түлек мектеп бітіргелі отырса, соның 283-і (88,6 пайыз) ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді. Түлектердің 12-сі «Алтын белгіге», екеуі ерекше аттестатқа үміткер. Ауданның барлық мектептерінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиындар өткізіліп, білім, спорт, мәдениет саласында үздік шыққан оқушылар марапатталды.
Соңғы жаңалықтар