Алыс ауылдардың тұрғындары мемлекеттің қамқорлығын сезінуде - Жамбыл облысының әкімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ауылдарды өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы ауыл тұрғындарына толыққанды білім беруді, сапалы медициналық көмек көрсетуді және олардың тұрмыстарына жайлы жағдай жасауды көздейді.
None
None
Өткен 2008 жылы Жамбыл өңірінің ауыл тұрғындары осынау бағдарламаның көптеген игілігі мен жетістігін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембиннің айтуынша, былтыр ауылдық жерлерде мектептер, ауруханалар мен мәдениет нысандары көптеп салынды.«2009 жылы жалпы бюджеті 2,2 миллиард теңгені құрайтын он бір білім ошағының алтауы салынып бітеді. Ал қалған бес мектеп - Жамбыл облысының Жалпақ төбе және Шөлдала ауылдарында, Меркі ауданындағы Сыпатай ауылында, Талас ауданындағы Талапты ауылы мен Шу ауданындағы Оразалы батыр ауылында пайдалануға берілді. Алыс ауылдардың тұрғындары мемлекеттің шынайы қамқорлығын сезініп, ал олардың балалары жақсы білім алу мүмкіндігіне ие болуда»,- дейді әкім. Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір басымдығы - әрбір ауылда сапалы медициналық қызмет көрсету. Ол үшін жалпы құны 2,1 миллиард теңгенің 33 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Нысандардың бірқатары қазірден бастап салынып жатыр, аталған соманың ширек бөлігі игерілген. 2008 жылы облыста 28 мемлекеттік балабақша, 23 шағын орталық, 10 клуб және жеті кітапхана ашылды. Ауылдық жерлерде жолдарды жөндеу, телефон байланыстарын жаңарту және кеңейту сияқты жұмыстар да қызу жүруде. Жуалы ауданының сегіз ауылына газ желісі тартылды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 200 миллион теңге жұмсалды. Әлеуметтік сала нысандары мен инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға салынып отырған қаражаттағы бюджеттің үлесі 31,5 пайызды (15 миллиард 077,3 миллион теңге) құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттің үлесі - 9 миллиард 380,5 миллион теңге, жергілікті бюджеттің үлесі- 5 миллиард 698,8 миллион теңге. Бұл 2007 жылғы сәйкес көрсеткіштен 2,0 және 2,2 есеге жоғары, дейді облыс әкімі Б.Жексембин.
Соңғы жаңалықтар