Алыстағы ауданда мәдениет үйі пайдалануға берілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданында аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет үйінің директоры Ғалия Өтегенованың айтуынша, ғимарат 56 млн. теңгеге жөнделген. Бұл жұмыстарды жергілікті кәсіпкер Айболат Аяпов жетекшілік ететін «Жәнібек транссервис» ЖШС атқарды.

Мәдениет үйінің ашылу салтанатына көршілес Бөкей ордасы, Қазталов аудандарының өкілдері де қатысты. Оның барысында Жәнібек ауданының әкімі Рыспай Өтешев майдангер Мардан Есмұқамбетовке Белоруссияны азат етудің 65 жылдығына арналған мерекелік медальды табыс етті.

Соңғы жаңалықтар