Алыстағы ауданда музыка мектебі қайта ашылды

ОРАЛ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы ең шалғай өңір Бөкей ордасы аудандық музыка мектебі жөндеуден кейін қайта ашылды.
None
None

Оның ашылу салтанатында аудан әкімі Рахман Карин, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Әлібек Айтқалиев қатысып, құттықтау сөз айтып, музыка мектебіне жаңа табыстар тіледі. Мектеп шәкірттері концерт залында өз өнерлерін көрсетті.

Аудандық музыка мектебінің директоры Берік Дүйсеновтің айтуынша, жөндеуді жүргізген жеке кәсіпкер Айболат Дүйсенғалиевтің жігіттері жақсы жұмыс жасады. Іші-сырты бірдей келіскен ғимараттың әр бөлмесі сыңғырлап тұр. Мектептің музыкалық аспаптары да жаңартылды. Мұның Құрманғазы мен Динадай атақты композиторлар шыққан өңір ұрпақтарының өнер көгінде самғауына септігін тигізетіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар