Алыстағы ауылда балабақша ашылды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Наурыздың 3-інде БҚО-ның Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында 75 орындық балабақша ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - аталмыш ауылдағы осындай екінші нысан. Бұрын қонақүй мен ішкі істер бөлімі орналасқан ғимаратты «Әлім» ЖШС (басшысы Ержан Бақтияров) күрделі жөндеуден өткізіп берді.

Ауыл жұртшылығын қуаныштарымен облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаев, аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова құттықтап, өңірде Елбасы тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі балалар мекемелерін пайдалануға беру жалғаса беретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар