Алыстағы ауылға жас дәрігерлер келді - Батыс Қазақстан облысы

Л. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алматы мемлекеттік медициналық академиясын биыл бітірген хирург Алмас Исмаилов пен акушер-гинеколог Айгүл Қошқалиева БҚО-ның Ақжайық ауданы Тайпақ ауылына келіп, жұмыс жасауда,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмас 1984 жылы Алматыда дүниеге келсе, Айгүл Атырау облысынан. Тайпақ ауылдық ауруханасы соңғы жылдары күрделі жөндеуден өткізіліп, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар алынған болатын. Осы мақсатқа 249,6 млн. теңге жұмсалған еді. Бас дәрігер Серік Жұмақұлов бастаған аурухана ұжымы жас дәрігерлерді жылы қабылдады. Тайпақ ауылдық округі әкімдігі де жастарды баспанамен қамтып, барынша жағдайын жасауда.

Соңғы жаңалықтар