Амандық Баталов «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалының төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХІV есептік-сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов конференциядағы өзінің баяндамасында жаңа экономикалық саясатты халық нақты іске асыру бағдарламасы деп бағалап, жылы қабылдағанына және әлемдегі экономикалық дағдарысқа байланысты экономикамыз қиын кезеңді бастан өткергелі отырғанына тоқталды. «Сондықтан, биылғы Жолдау «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында жолданды. Енді біздің басты жұмысымыз осы Жолдаудан туындайтын міндет-мақсаттармен үндесетін болады. Жаңа экономикалық саясат - бұл алдағы жылдарда мемлекетіміздің сапалы дамуына салынған инвестиция деп түсінеміз», - деді аймақ басшысы. Есептік-сайлау конференциясы барысында партияның өңірлік саяси кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Жаңа құрамда жастардың саны - 3 есеге, кәсіпкерлер - 2, әйелдер қауымы - 1,5 есеге өсіп, мүмкіндігі шектеулі жандар да саяси кеңестің құрамына алынды. Сондай-ақ отырыста Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалының төрағасы болып сайланып, оған партия Төрағасының бірінші орынбасарының қолынан партиялық билет табысталды.

Соңғы жаңалықтар