Амангелді кенішінде барланған табиғи газ қоры 20 млрд. текше метрді құрайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Аманкелді газ кенішінде үш миллиард текшеметрден астам газ және 250 мың тоннаға жуық газ конденсаты өндірілді.
None
None

«Он жыл бойы «Амангелді Газ» ЖШС Жамбыл өңірінде көмірсутек шикізаты кеніштерін барлаумен, өндірумен және игерумен айналысып келе жатқан бірден-бір ұйым болып келеді, - деді «Амангелді Газ» ЖШС бас директорының кеңесшісі Шакизада Ибрайым. Оның осы қызметінің арқасында облыс тұрғындары үшін газдың текшеметрі республика бойынша орта көрсеткіштен төмен бағада болып отыр. Қазір жаңа кеніштерді табу және кейіннен пайдалануға беру үшін кең ауқымды геологиялық-барлау жұмыстары жүргізуде, көмірсутектері шикізатын өндіру көлесін ұлғайтуды жоспарлаудамыз».

Болжам бойынша, жамбылдық кеніштердің ресурстық қоры 18-20 млрд. текшеметр табиғи газға дейін ұлғаяды, жыл сайынғы газ өндіру көлемі 550-650 млн. текшеметрге жетпек.

Қазірде Жарқұм кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға беру жұмыстары даярлық кезеңінде, «Амангелді-Жарқұм» газ құбыры құрылысының жобалық құжаттамалары жасалды.

Ауқымды сейсмикалық-барлау жұмыстарының нәтижесінде Қосқұдық және Сұлтанқұдық кеніштерінен көмірсутектер қоры табылды. Айрақты кенішінде №8 бұрғылау ұңғысының құрылысы басталды, Анабай кенішінің көлемін есептеу жұмыстары жүргізілуде. Оларды игеру 2015-2016 жылдарға белгіленіп отыр.

2003 жылғы қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аманкелді газ кенішінде газконденсаты кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға бастау берген болатын. Көгілдір отынды өндірудің алғашқы миллиардтық шебіне 2007 жылы қол жеткізілді, екінші миллиард текше метр межесі - 2010 жылы алынды. Амангелді кенішінде қазір барлығы 27 ұңғы пайдаланылуда.

Сонымен қатар Амангелді газ кенішінде вахта жұмысшылары үшін қолайлы жағдай жасалған, заманауи тұрғын жайлар блоктары, мәдени-спорттық кешен салынды.

Соңғы жаңалықтар