Американдық әйел Ресейден асырап алған баласын қайтарып жіберді

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ азаматтары Ресейден асырап алған 8 жасар балаларын елге қайтарып жіберді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
None
None

Бейсенбі күні Мәскеуге өзі ұшып келген бала қазір Мәскеу ауруханасында тексеруден өтіп жатыр. Ол жерде сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция қызметкерлері жұмыс істеуде.

РФ Президентінің жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Павел Астаховтың хабарлауынша, Артем есімді бала американдық әуекомпаниясының рейсімен Вашингтоннан ұшып келген. Баланың қалтасына хат салып жіберген анасы Тори Хансон, одан бас тартатынын, себебі баланың үйде қалуы оның отбасын бұзып жатқанын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар