Американдық «Дискавери» шаттлы Халықаралық ғарыш стансасымен түйіседі

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Американдық «Дискавери» шаттлы бүгін Халықаралық ғарыш стансасымен түйіседі. Нәтижесінде, станса бортында әйелдердің рекордтық саны тіркелмек. Түйісу процесі мәскеу уақыты бойынша сағат 11.45-ке белгіленген, деп хабарлады ресейлік Ұшу сапарларын басқару орталығына сілтеме жасап «Маяк» радиосы.
None
None

Американдық шаттл келген соң Халықаралық ғарыш стансасының экипажы 13 адамға жетеді, олардың төртеуі -әйелдер.


"Дискавери" Халықаралық ғарыш стансасына дүйсенбі күні аттанған болатын. Ұшқаннан кейін оның стансамен түйісу және Жерге телеметрикалық мәліметтер жіберу үшін қолданылатын антеннасы істен шығып, мамандарды біраз әбіржітті. НАСА өкілдерінің айтуынша, түйісу үшін Халықаралық ғарыш стансасының да антеннасын пайдалануға, мәліметтерді бас диапазондағы осындай құрылғылардың көмегімен жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар