Американдық экипаж Халықаралық ғарыш стансысына аттанды
деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметі.
«Шаттл» экипажының құрамында НАСА астронавтары Алан Пойндекстер, Джеймс Даттон, Ричард Мастраккио, Дороти Меткаф-Линденбюргер, Стефани Уилсон, Клейтон Андерсон және Жапон аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавы Наоко Ямазаки бар.
«Дискаверидің» ХҒС-мен түйісуі сәуірдің 7-сіне мәскеу уақытымен 11 сағат 44 минутқа белгіленген. STS-131 экипажы үш рет ашық ғарышқа шығады, сондай-ақ стансыға қызмет көрсету және оны қосымша жабдықтау жөнінде бірқатар міндеттерді атқарады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір ХҒС-да алты адам жұмыс істейді. Олар - өткен жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкер Олег Котов, НАСА астронавы Тимоти Кример, Жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавы Соити Ногути, сондай-ақ 2010 жылғы сәуірдің 4-інде келген ресей-американ экипажының құрамындағы Александра Скворцов, Михаил Корниенко және Трейси Колдвелл-Дайсон.
Американдық «шатллдың» келумен ХҒС тұрғындарының саны 13 адамға жетпек, олардың арасында төрт әйел - үш американдық және бір жапондық астронавт бар.