Американдық миллиардер Қазақстанға экономикасын дамыту үшін мигранттарға ашық болуға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстан экономикасын дамыту үшін мигранттарға ашық болуы қажет. Мұндай пікірді бүгін «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум аясында өткен баспасөз мәслихатында әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс білдірді.
None
None

«Қазақстан Батыс Еуропаның көлеміндей жерге ие және халқы не бәрі 18 млн. ғана. Бұл - үлкен проблема. Сіздерге көп жұмыс күші қажет. сол үшін мигранттардың болғаны дұрыс. Маған, сіздердің мигранттарды қолдайтындықтарыңызды айтты. Бірақ, сіздер бірнеше ондаған жыл мигранттарға жабық болдыңыздар», - деді ол. Д.Роджерстің пайымынша, әлемдегі елдердің зор табысы мигранттарға ашықтығы болып есептелінеді. «Мәселен, Америкада, дәл осында жайт соңғы 40 жылда Сингапурда да орын алды. Сингапурлықтар адамдардың келуі үшін қандай да бір ынталандыру жасады. Яғни, ең біріншіден, халық саны проблемасын шешу қажет. екінші проблема мұнай бағасының төмендігі болып тұр», - дейді американдық миллиардер.

Соңғы жаңалықтар