Американдық полицей атып өлтірген Кирилл Денякиннің денесі елге жеткізілді

Бұл туралы марқұмның әкесі Иван Денякин хабарлады.
«Баламның денесі Америкадан Украинаға жеткізілді. Бері қарай Киев-Астана әуе рейсімен әкелінді», - деп хабарлады Кирилдің әкесі телефонмен.
"Мәйітті елге жеткізумен байланысты барлық проблемаларды өз мойнына алған Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі үлкен көмек көрсетті", - дейді марқұмның туыстары.
Кирилдің денесі Астанадан Қарағандыға көлікпен жеткізіледі. «Жерлеу күні әлі белгісіз. Біз Кирилдің анасының Америкадан оралғанын күтіп отырмыз. Ол кешірек келеді», -дейді Иван Денякин.
Бұдан бұрын хабарлағандай, 26 жастағы К.Денякинді тонаушы деп қалған американдық полицей атып өлтірген болатын. Сараптаманың қорытындысы бойынша, оған 11 рет оқ атылған. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан елшілігі оқиғаны жан-жақты тексеру жүргізу туралы АҚШ Мемлекеттік департаментіне дипломатиялық нота жолдады.
Кирилл АҚШ-қа осыдан алты жыл бұрын Work&Travel бағдарламасы бойынша кеткен еді. Ол Портсмутта «Ренессанс» қонақүйінде аспаз болып жұмыс істейтін.