Американдық сарапшылар Қазақстанның прокуратура қызметкерлеріне оқу семинарларын өткізбек

деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы заңдылық, құқық тәртібін зерттеу және прокуратура кадрларының біліктілігін арттыру институтының баспасөз қызметі.
Институт ағымдағы жылдың 27-28 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігімен бірлесіп, «АҚШ құқық қорғау органдарының есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелері бойынша тәжірибелері» атты тақырыпта өңірлік прокуратура бөлімшелері қызметкерлері мен басшыларына оқу семинарын өткізеді. Семинарға Орталық Азия аймақтық оқу тобының (ОААОТ) нұсқаушылары америкалық сарапшылар Дэвид Уилсон, Альфред Джерский және Кэвин Блэйрлар қатысады.
АҚШ Әділет министрлігінің Есірткінің заңсыз айналымымен күрес әкімшілігінің (БЕА) ОААОТ Алматы қаласында орналасқан оқу командасы болып табылады. Бұл команданың мақсаты: аймақта БЕА кеңселеріне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан секілді орта азия мемлекеттерімен және аймақтан тыс басқа елдермен ынтымақтастықты және әлеуетін арттыруда қолдау көрсету.
ОААОТ заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес және есірткі бизнесіне қатысты заңсыз кірісті жылыстату бойынша қылмыстық істерді тергеу жөнінде оқу бағдарламаларын ұйымдастырып, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөлімше басшыларына арналған арнайы курстар өткізеді. Және заңсыз есірткі жасаумен айналысатын жасырын зертханаларды, есірткілерді анықтау бойынша семинарлар ұйымдастырады.
ОААОТ құрамына халықаралық есірткімен күрес операцияларын өткізуде және шетелдік серіктестіктерді оқытуда жеткілікті тәжірибесі бар оқытушылар кіреді.
Оқу курсы соңында тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталады.