19:49, 22 Ақпан 2010 | GMT +5
Американдықтар хоккейден Канаданың құрамасын тізе бүктірді
АСТАНА. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-тың құрамасы А тобындағы бірінші орын үшін өткен ойында жеңіске жетті. Американдық спортшылар канадалық қарсыластарынан 5:3 есебімен басым түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Осылайша американдық команда үш ойыннан кейін 9 ұпай жинады және өздерінің олимпиадалық хоккей турнирінің ширек финалына шығуын қамтамасыз етті.