Амманда Қазақстан Президенті мен Иордания Королі арасында жоғары деңгейде келіссөздер өтуде

АММАН. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік ресми сапармен Иордания Хашимиттік Корольдігіне келді. Дәл қазір Иордания Королінің «әл- Хуммар» сарайында Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хуссейн арасында шағын құрамда келіссөздер өтуде,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл Қазақстан басшысының Иорданияға екінші ресми сапары. Елбасымен бірге еріп жүрген ресми делегацияның құрамында ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбет, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Шабдарбаев және Президенттің көмекшісі Қуандық Бишімбаев бар. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Иордан басшысының Қазақстанға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы  ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективалы бағыттары талқыланатын болады. Сапар шеңберінде сонымен қатар,  бүгін кешке Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла II бен Хусейн Қазақстанның Иорданиядағы Мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанатына қатысып, Өлі теңіздің жағасындағы Король Хусейн бен Талал атындағы Конгресс орталықта өтетін Қазақстан өнер шеберлерінің концертін тамашалайды деп күтілуде. Ал қарашаның 4-і күні Қазақстан Президенті Король Абдалла II-нің атындағы өндірістік-конструкторлық бюроның индустриялық паркіне барып, онда жеңіл көлікті қайта жаңғыртатын зауыттың жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар