АМӨЗ-де қалпына келтіру барысында қазақстандық қамтым ескерілді

АТЫРАУ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атыраудағы МӨЗ-да мұнайды терең өңдеу кешенін құру барысында қазақстандық қамтымға үлкен көңіл бөлінетін болады.
None
None

Бұл туралы мекеменің бас директоры Талғат Байтазин мәлім етіп, келісімшарт «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен қытайдың «Sinopec Engineering» консорциумы, жапондық «Marubeni Corporation» компаниясы және МГҚК «ҚазқұрылысСервис» АҚ арасында жасалғанын еске салды.

Консорциумның алдында бірнеше маңызды тапсырмалар қойылды. Бұл кешеннің құрылысын уақытында аяқтау мен 2016 жылға ЕУРО-5 стандартына сәйкес бензин өнімін шығару болып табылады.

Мұнайды терең өңдеу зауыты өз алдына жоғары октанды бензин және дизель отынының өнімін арттыруға көмектеседі, атап айтқанда қазіргі 600 мың тоннаның орнына жылына 1 млн. 743 мың тоннаға дейін өнім өндіретін болады. Сондай-ақ жылына 1 млн. 400 мың тонна дизель отыны өнімі шығарылады.

Жобаның құны ққс-мен 1 млрд. 679 млн. 892, 5 мың АҚШ долларын құрады. Жобаны іске асыру мерзімі - құрылыс басталғаннан бастап 41 ай. Құрылыс 2016 жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар