21:07, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Амур жолбарысы оған азық ретінде жіберілген ешкімен достасты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шкотовский ауданындағы Приморьелік сафари-саябағында Амур деп ат қойылған жолбарыс бірнеше күн бұрын оған азық ретінде жіберілген ешкімен достасты, деп хабарланды саябақтың сайтында.
"Сафари-саябақтың жолбарыстары аптасына екі рет тірі жануармен тамақтанады. Амур ешкілер мен қояндарды аулай алады. Алайда жуырда жыртқыш қайсар ешкіні азық етпеді", - делінген хабарламада.
Ешкіні жолбарыстан қорқу керектігін ешкім үйретпегені аталып өтілді. Сондықтан Амур оған тиіспеуді жөн санады.
Атап өту керек, «батыл» ешкі жыртқышты ұйықтайтын жерінен ығыстырып, оның орнына өзі жайғасқанына 4 тәулік. Жолбарыс болса өз үйінің шатырына көшуге мәжбүр болды.