Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ТМД және Шығыс Еуропада алғаш болып JCI халықаралық аккредитациясын алды

Бұл жайында Ұлттық медициналық холдингінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Joint Commission International (JCI) - медициналық мекемелерде қызмет көрсету мен емделушілердің қауіпсіздігінің сапасын арттыру мәселесімен айналысатын халықаралық ұйым болып табылады. Ана мен бала орталығының халықаралық аккредитацияға дайындық шаралары 2009 жылдан басталған болатын және осындай тіркеуден Ұлттық медициналық холдингтің басқа да еншілес ұйымдарының өтуі жоспарланып отыр.
Холдинг клиникасының аталған халықаралық аккредитициясын алуы - ауруханалардың емдеудің жоғары стандарттары мен қауіпсіздігіне негізделгенін дәлелдеп отыр. Осы арқылы еліміздің аумағынан шықпай-ақ Қазақстан азаматтарына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар екенін көрсетуде. «Бұндай аккредитация халықаралық нарыққа шығуға және еліміздегі медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді»,-дейді баспасөз қызметі.