18:36, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Аналарға алқалар табыс етілді - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қызылордада 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аналарды көктем мерекесімен құттықтап, көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқаларды» салтанатты түрде табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 507 Жарлығымен Қызылорда қаласында 26 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанды. Оның ішінде 9-ы алтын, 17-сі күміс.
Өз кезектерінде алқа тағынған аналар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.
Шара соңы мерекелік ән-кешпен жалғасты.