Ананас дәмді құлпынай сатылымға түсті

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Британдықтарды тамақтың ерекше түрлерімен таң қалдырып жүрген танымал "Уэйтроуз" супермаркеттер желісі клиенттеріне тағы бір тосын сыйлық әзірледі. Супермаркеттер желісінің 45 дүкеніне «ананас жидегі» деп аталатын ананас дәмді ақ құлпынай түсті,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Бұл жидек - сонау XVIII ғасырда Оңтүстік Америкада табиғи будандасудың нәтижесінде пайда болған жабайы құлпынайдың бір түрі. Егер, осыдан жеті жыл бұрын голандиялық фермерлер оны сату үшін өсіре бастамағанда, бұл жидек жер бетінен жоғалып кетер ме еді, кім білсін.

Жидектер оранжереяда пісіп-жетіле келе, ақ түске боялады және ол ананастың дәмі мен иісіне ие.

Соңғы жаңалықтар