Анастасия Балясникова қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиадада министрлік дипломын иеленді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Атырауда өткен білім додасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының оқушысы Анастасия Балясникова оза шауып, жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бес күнге созылған білім додасына еліміздің 16 аймағынан, оның ішінде; Назарбаев зияткерлік мектептерінен, Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты секілді елімізге танымал білім ордаларынан барлығы 556 оқушы қатысқан.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадада Анастасия қазақ тілі пәні бойынша жүлдеге ілікті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломына ие болған А.Балясникованы өзі оқитын №169 орта мектептің директоры А.Ахметов бастаған ұжым салтанатты түрде қарсы алды.

Айта кетейік, 10-сынып оқушысы Анастасияның бұл бірінші жеңісі емес, бұған дейін де ол аудандық, облыстық қазақ тілі байқаулары мен сайыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Соңғы жаңалықтар