Андрей Аршавин «Қайрат» футбол клубымен келісімді ұзартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік форвард алматылық «Қайрат» командасында 2017 жылдың соңына дейін ойнайтын болады. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Алматылық клубтың құрамында Аршавин 36 матч өткізіп, 11 гол салды.

Еске сала кетейік, ол «Қайрат» клубына 2016 жылы наурыз айында ресейлік «Кубань» командасынан ауысып келді. «Қайрат» сапында өткізген маусымда оның командасы Қазақстан премьер лигасында 2-орынды иеленді.

Жақында Аршавин «Қайрат» клубында оған барлығы ұнайтындығын жеткізген еді. 

Соңғы жаңалықтар