Аңшылық кезінде қайғылы оқиға орын алды

ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 31-інде Алматы қаласынан жұмыс сапарымен келген «Қазақтелеком» АҚ-ның жауапты қызметкері, 1966 жылғы М. есімді азамат ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, БҚО-ға тексеріспен келген бұл азамат жергілікті қызметтестерімен аң аулауға шыққан кезде әріптесі 49 жастағы А. деген азамат мас болып оны тегіс ұңғылы аңшы мылтығымен атып жіберген.

Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар