19:09, 24 Қазан 2012 | GMT +5
Антигуа және Барбуда EXPO-2017 көрмесін өткізуде Астананың кандидатурасын қолдайды
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Антигуа және Барбуда астанасы Сент-Джонс қаласында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, ASTANA EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаевтың Кариб елдеріне жасаған сапары шеңберінде Астана өтінімін таныстыру бойынша келіссөздері өтті.
23 қазан күні Р.Жошыбаев Антигуа және Барбуданың Сыртқы істер министрі, EXPO-ны өткізу бойынша жауапты және Орталық Азия аймағының кураторы Мамба Ливерпульмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында туризм, аграрлық сектор, осы елдің мұнай өңдеу зауытында мұнайды қайта өңдеу, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, келісім-құқықтық базаны құру және дамыту мәселелері талқыланды.
Келіссөздер барысында Астананың EXPO-2017 көрмесін өткізу бойынша таныстырылымы болды. Кездесу соңында Астана кандидатурасын қолдау туралы меморандумға қол қойылды.