АӨІСШК атқарушы директоры Д. Бәкішев ЕҚЫҰ министрлерінің кездесуіне қатысты

sp;АЛМАТЫ.  Желтоқсанның  3-і.  ҚазАқпарат -  Азиядағы  өзара  іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңестің атқарушы   директоры, елші Дулат  Бәкішев    Еуропадағы   қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымының  шақыруымен желтоқсанның 1-2-сінде  Афиныда  өткен    ЕҚЫҰ-ның   17-ші министрлер кездесуіне   қатысты, 
None
None

 деп   хабарлады   Кеңес  хатшылығының баспасөз қызметінен.

Д.Бәкішев  Афиныда   Азиядағы  өзара  іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңеске мүше  мемлекеттердің  бірқатар делегацияларының   жетекшілерімен  екіжақты кездесулер  өткізді. Қырғызстан, Тәжікстан,  Израиль,   Түркия  елдерінің сыртқы  істер министрлерімен, сондай-ақ    Моңғолия,   Корея Республикасы  және  Таиланд делегацияларының басшыларымен  болған  кездесулерде  сенім шараларының  іс жүзінде  атқарылуы  мен   2010 жылдың  маусым  айында Түркияда  өтетін Азиядағы  өзара  іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңестің ІІІ  саммитіне дайындық     мәселелері   қаралды.

Кеңеске  мүше елдердің министрлері     азиялық   құрлықтың  қауіпсіздігін қамтамасыз  ету     үшін Қазақстан  Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен    шақырылған   Кеңестің сенім шараларының  іс жүзінде  орындалуында  айтулы ілгерілеушіліктің бар  екенін атап көрсетті.   Делегациялардың басшылары     Азиядағы  өзара  іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңес  үдерісінен қол үзбейтіндерін    және    Хатшылықтың  қызметін    толық қолдайтындарын   қуаттады.

Д.Бәкішев ЕҚЫҰ-ның   17-ші министрлер кездесуінің  аясында     кеше, желтоқсанның 2-сінде  ЕҚЫҰ Бас  хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен  кездесті.   Тараптар  ынтымақтастықтың  басымдықты салаларындағы    екі  құрылымның өзара іс-әрекет  мәселелерін  талқылады. ЕҚЫҰ  Азиядағы  өзара  іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі  кеңестің жанындағы бақылаушы   мәртебесіне ие екені  баршаға аян.

Соңғы жаңалықтар