Апат салдарынан Астанада 8 үй мен мекеме он екі сағат сусыз отырды

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласында 8 тұрғын үй мен мекеме он екі сағат бойы ауыз сусыз отырды. Хабарламаны ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратты.
None
None

Бейсенбі, 1 қараша күні, сағат 18.00-де Алматы ауданында тозығы жеткен су құбырының жарылуы салдарынан (диаметрі 150 мм) Мирзоян көшесіндегі №4, 4/1, 6, 6/1 үйлер, Мұңайтпасов көшесіндегі № 14/1 үйі және Жирентаев көшесінде орналасқан №15/1, 13/1, 15/2 (№48 орта мектеп) ғимараттар ауыз судан ажыратылды.

Бүгін таңертеңгі сағат 6-да апатты-қалпына келтіру жұмыстары толық көлемде аяқталды, сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді. Төтенше жағдайды жоюға «Астана Су Арнасы» МКК-ның 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Осы күні сондай-ақ, Астананың Есіл ауданы, Сауран көшесіндегі 5-інші үйдің аумағында 600 мм диаметр көлемде су құбыры жарылды. Апаттан кейін учаскеде судың қысымы азайтылды, бірақ толығымен ажыратылған жоқ. Төтенше жағдайды жоюмен қазір «Астана Су Арнасы» МКК-ның 21 адамы айналысуда.

Соңғы жаңалықтар