Апат салдарынан Атыраудың бірнеше шағынауданы газсыз қалды

АТЫРАУ. 13 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда бірнеше шағынаудан табиғи газсыз қалды.
None
None

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, газ құбыры учаскесінің біріндегі ірі апатқа байланысты МСП-136 шағынауданынан бастап теміржол депосы шағынауданына дейінгі үйлер көгілдір отыннан ажыратылды.

Апат жұма күні кешқұрым орын алды. Газ қызметі оны бүгін кешке дейін жоюға уәде етуде. Апат салдары жойылғанша аталған шағынаудандардың тұрғын үйлеріне жарықтың берілуі де тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум