Аппеляциялық сот алқасы қасақана адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды

ПАВЛОДАР. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Шарбақты ауылының тұрғыны ҚР ҚК 96 бабының 2-ші тармағының «в» бөлімі бойынша айыпты деп танылып, жазасын 10 жыл бойы қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейді.
None
None

Бұл туралы Павлодар облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ол Шалдай ауылындағы жеке үйде болған кезінде өзінің жек көретін ауылдасын пышақтап өлтірген. Одан соң денесін сыммен байлап, өзінің ауласына сүйреп әкелген. Көршісінің әлі де жаны бар екендігін байқағаннан кейін оны тепкінің астына алған», - деп көрсетілген хабарламада.

Павлодар облыстық соты қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот алқасының қаулысымен қаныішерге қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар