Апта ішінде Ақтөбе облысының жолдарында 6 адам жарақаттанып, біреуі ажал құшты
Ақтөбе облысы ІІД ЖПБ-ның қызметкерлері жол қозғалыс ережесін бұзудың 2449 фактісін анықтады. Олардың 62 фактісі мас күйінде көлік жүргізу оқиғасына қатысты болса, 316-сы жылдамдықты арттыру және 12-і жолдың қарсы бағытына шығу фактілеріне байланысты.
Сонымен қатар 12 қазанда апта сайынғы «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі күні» акциясын өткізу барысында жол қозғалыс ережесін бұзудың 298 фактісі анықталды.
14 қазан күні сағат түнгі 2-де Қарғалы ауданына қарасты Кемпірсай кентінің ауданында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жосалы кентінің 32 жастағы тұрғыны «Урал» мотоциклінде Кемпірсай кентінен Жосалы кентіне барар жолда рульге ие бола алмай, аударылып кетті.
Орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоциклші оқиға орнында көз жұмды.