14:57, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Апта ішінде ел аумағында 96 келі есірткі тәркіленді - ІІМ
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қарағанды-Астана тас жолында Мерседес көлігінің иесінен 230 грамм героин табылды.
Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 жастағы астаналық бұл есірткінің ауыр түрін елордада сатпақ болған. Жалпы, апта ішінде есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша 166 қылмыс тіркелген. Соның ішінде есірткі сату фактісі бойынша 42 оқиға анықталды. Заңсыз айналымнан 96 келі есірткі заттары алынды.
Ел аумағында 1849 қылмыс тіркелді.Оның ішінде 1426 қылмыстың ізі суымай әшкереленсе, бұрындары жасалған қылмыстардың 296-ының беті ашылды. Қылмысқа қатысы бар деген сезікпен 129 күдікті ұсталды, 8 атыс қаруы тәркіленді.