10:01, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Арал ауданында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізін салу жұмыстарына жергілікті жерден 58 адам тартылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Арал ауданында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізін салу жұмыстарына жергілікті жерден 58 адам тартылды. Олар ауданнан шыққан қосалқы мердігерлер «ДМСУ-22АБ» және «Шим-Шак НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрамында еңбек етеді. Нысан бойынша мұнда 150 әртүрлі жол салу техникалары тартылуда.
Жалпы, Қызылорда облысы бойынша жүріп өтетін 811 шақырымдық жолдың 213 шақырымы Арал ауданының үлесіне тиеді. Ауданда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңғырту жұмыстарына қатысты жергілікті жерде туындайтын мәселелерді шешу, бақылауда ұстау және апта сайын оперативтік мәжіліс өткізіп, ақпарат ұсыну үшін құрылған аудандық жедел штаб осы жұмыстардың бәріне бақылау жасайды.