Арал ауданында мал шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі ұлғая түсуде - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал мал шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі бүгінде ұлғая түсуде.
None
None

Биылғы жылдың есепті мерзімінде 1465 тонна ет, 3571 тонна сүт, 1780 тонна жүн және 73,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өнім өндіру тиісінше еттен 101,2 пайызға, сүттен 102,3 пайызға, жүннен 100,6 пайызға орындалды.

Қазіргі уақытта ауданның 5 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Атап айтқанда, «Құланды» ЖШС жылқының асыл тұқымды мұлғажар тұқымын және асыл тұқымды қазақтың айыр өркеш түйе тұқымын, «Көктем» шаруа қожалығы, «Байдаулет» шаруа қожалығы асыл тұқымды қазақ жылқысын, «Қарақұм және К» ТС асыл тұқымды қаракөл қойын, «Берекет» шаруа қожалығы мүйізді ірі қара малының асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырының тұқымын өсірумен айналысуда.

Бүгінгі күні бұл шаруашылықтарда асыл тұқымды 2630 бас жылқы, 1298 бас түйе, 2825 бас қаракөл қойы және 367 бас мүйізді ірі қара малы күтімге алынып, бағылуда.

Соңғы жаңалықтар