Арал ауданында сайлауға дайындық тиянақталып келеді - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылдың басты саяси оқиғаларының бірі - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанының өтуіне тура 10 күн қалды.
None
None

Осы күндері Қызылорда облысындағы барлық сайлау учаскелері өздерінің маңызды күнге дайындықтары деңгейін тиісті орындарға мәлімдеуде.

Бұл бағыттағы белсенді жұмыстар Арал ауданында да жүріп жатыр. Ауданда 55 сайлау учаскесі бар. Күні бүгінге дейін олардың барлығы дерлік сайлаушылар тізімдерін анықтап, белгілеп қойды. Бұл тізім Арал өңірінен 40 мыңнан астам сайлаушы сайлауда дауыс беретіндігін білдіреді. Тізім заңға сәйкес, сайлаудан 15 күн бұрын ілініп қойылды. Бұдан басқа, сайлаушыларға сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау учаскелерінің шекаралары, олардың орналасқан жерлері туралы мәліметтер берілді. Олардың бәрі аудандық «Толқын» газетінде жарияланды. Аудандық мәслихатқа - 39, облыстық мәслихатқа - 8 үміткер тіркелді. Сайлау учаскелерінің мүшелері үшін семинар-кеңестер ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар