Арал ауданында Жақсылық Түменбаевқа ескерткіш қойылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қазан . ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында Жақсылық Түменбаевтың  туған жері Сазды ауылдық округінде 120 орындық жаңадан бой көтерген мектеп ғимараты алдынан белгілі жазушы, журналистке арнап ескерткіш белгі қойылды.
None
None

Небәрі 49 жыл ғана өмір сүріп, сол қысқа ғұмырында көп іс тындырған жазушының артында оның қаламынан туған «Қардағы іздер», «Қимас қазына», «Мен сүйген қыз», «Тас бөгет», «Махаббат қорығы», «Ақырғы демім біткенше» атты повестері мен әңгімелері қалды.

Жазушы ескерткішінің ашылу салтанатында аудан әкімі Н.Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, ұрпақтар сабақтастығы жолындағы ізетті, игі іске алғысын білдірді.

Шара барысында Құдайберген Саржанов, Айжарық Сәдібекұлы, Тұлпар Итеновтер жазушы жайында жақсы естеліктер мен ойларын ортаға салды. Ескерткіштің салтанатты ашылуынан кейін Жақсылық Түменбаевтың  рухына арнап құран бағышталып, ас берілді.

Соңғы жаңалықтар