13:10, 20 Тамыз 2010 | GMT +5
Арал ауданында «Жол картасы» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу қолға алынды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу қолға алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен Қамыстыбас елді мекеніне кіреберіс жолды орташа жөндеуге 21 млн. 471 мың, ал Қызылжар ауылына барар автожолға 82 млн. 774 мың теңге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстарын тендер жеңімпазы «Арал жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыссыздар еңбекке тартылды.