12:40, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Арал ауданында «Жол картасына» сәйкес ауқымды жұмыстар атқарылуда - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында «Жол картасы» шеңберінде біршама жолдар салынып, ауданға қарасты елді мекендердің көшелеріне жөндеу жұмыстары жасалды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 10 млн. теңге қаржыға Жақсықылыш кентінің бірнеше көшесі жөнделіп, орталық көркейіп, абаттандырылды. Бүгінде кеншілер қалашығының әлеуметтік нысандарының базасы күшейіп, өткен жылдары жаңа аурухана мен мектеп үйлері пайдалануға берілді.