11:10, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Арал қаласында теңіз аттас ауданның күні басталды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Арал қаласында Арал ауданының күндері басталды. Екі күнге созылатын бұл мерекенің аясында әртүрлі әлеуметтік шаралар мен спорт жарыстары өтетін болады. Шараға сырттан екі мыңнан астам қонақ шақырылып, той мерейі таси түсті. Тек Арал ауданынан шыққан бұрынғы және қазіргі спортшылардың өзі 200-ден асып отыр.
Мереке бүгін таңертең Тағзым алаңындағы Ұлы Отан соғысында опат болғандар мемориалы мен Бәйтерек түбіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Қаланың орталық алаңында мерекелік концерт қызып жатыр. Енді аздаған уақыттан кейін дәстүрлі ақындар айтысы шымылдығын ашады. Ол мәреге ертең жетеді. Осымен қатар жазба ақындардың мүшәйрасы да өткізілмекші.
Сонымен, Арал төрінде той думаны қызып келеді.