13:42, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Арал қаласында вагон зауытының құрылысы жүріп жатыр - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданында индустриялық - инновациялық даму аймақтық бағдарламасын іске асыру барысында қолға алынған вагон зауытының құрылысы қызу жүріп жатыр. Ресей технологиясы негізінде басталған зауыттың жобасы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға, ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ келешек екі елдің машина жасау өнеркәсібін арттыруға ықпалын тигізбек.
Зауыт толық жобалық қуатында жұмыс жасаған кезде 1300 адамды еңбекпен қамтып, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жобалық құны 113 млн. АҚШ доллары тұратын «Арал вагон» ЖШС қазірге дейін өзінің алғашқы өнімдері - ауыр тонналық контейнерлерді тасымалдайтын вагон-платформаларды сынақтан өткізіп, сертификат алды.