09:20, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Арал теңізінде үш балықшы із-түссіз жоғалды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Арал теңізінде із-түссіз жоғалған балықшылар іздестірілуде.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, үстіміздегі желтоқсан айының 27-сі күні Арал теңізінің «Тоқал» учаскісіне балық аулауға шыққан Аманөткел ауылының үш балықшысы іс-түссіз жоғалды.
21-28 жастағы азаматтарды іздестірумен жергілікті тұрғындар мен ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері айналысуда.