13:00, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Арал теңізінде жоғалған балықшылар табылды
АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Осы сейсенбі күні Арал теңізінде жоғалып кеткен 3 балықшы табылды, деп хабарлады Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Олар бейсенбі күні қас қарая табылды. Ауа райының бұзылуына байланысты олар қаламен еш байланыс жоқ «Тоқал» учаскесіндегі ауылдардың бірінде болған. Балықшылар туыстарының алаңдап, тіпті құтқарушылардың да сабылып өздерін іздегендерінен бейхабар болған.
Айта кетейік, 27 желтоқсан күні Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылдық округінде тұратын үш балықшы балық аулау үшін мұзы қатқан Арал теңізі үстіне шығады. Кенет ауа райы қатты бұзылып, қар тоқтаусыз жауып, жел бұрқырата соққан кезде бой тасалап кетеді.