08:45, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
Арал теңізіне балық аулауға барған жігіт батып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Арал ауданында балық аулауға барған жас жігіт суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
18 сәуір күні Арал теңізінде балық аулап отырған 1992 жылы туған С.Тілепов есімді азамат суға батып кеткен. Аталған азаматтың мәйтін іздеуге облыстық ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған.