Арал теңізінің ашық айдыны үстінде жоғалып кеткен балықшылар табылды - Қызылорда облысы
деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Сәметова.
Қазір белгілі болғанындай, теңіз үстінде дауыл тұрып кеткен кезде олар жағаға жақын Тоқал деп аталатын учаскеге жетіп алып, сонда ықтасынды паналапты. «Ол жерде сыртқы жақпен байланысқа шығатын ешқандай мүмкіндік жоқ. Жас балықшылар өздерін туған-туыстарының іздеп шығатындарына, олардың дабылдары бойынша төтенше жағдайлар қызметкерлерінің іске қосылатындарына еш күмән келтірмепті», - дейді А.Сәметова.
Осы жерде айта кетейік, 27 желтоқсан күні Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылдық округінде тұратын үш балықшы балық аулау үшін мұзы қатқан Арал теңізі үстіне шығады. Бірақ олар артынша ізім-қайым жоғалып кетеді. Бұл үшеуі - 28 жастағы Алдамжаров пен Іскендіров, 21 жасар тағы бір Алдамжаров - кенет ауа райы қатты бұзылып, қар тоқтаусыз жауып, жел бұрқырата соққан кезде ығып, өздері айтқан учаскеге аялдайды. Ал іздеушілердің жұмыстары олар табылғанша толастаған жоқ. Бұл жұмыстарға Арал ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Оның ақыры осылай қайырлы болып аяқталды.