22:07, 23 Қараша 2014 | GMT +5
АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: Әділ Боранбаев Венер Галиевті нокаутпен жеңді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа ғана «Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінде өтіп жатқан аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирінде 77 келі салмақ дәрежесінде супер кездесу аяқталды. Қазақстандық сайыскер Әділ (лақап аты «Боран») Боранбаев ресейлік Венер (лақап аты «Башқұрт») Галиевті нокаутпен жеңді.

Бірінші раунд басталысымен қарсыластар бір-бірін аңдуға көшті. Екеуі де қапысын тауып, дәл соққы жасауға тырысты.Алайда, сайыстың 03:06 минутында шабуылға көшкен ресейлікті ұрымтал сәтте оң қолымен жақтан соғып, нокаутқа жіберді. Сөйтіп, Әділ Боранбаев «Дала батырлары» халықаралық турнирінің Кубогын жеңіп алды.