АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК: қазақстандық спортшы «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа ғана «Алматы тауэрс» көпсалалы кешенінің аренасында аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» Халықаралық турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы белбеуі үшін болған сайыс аяқталды.
None
None

Қазақстандық сайыскер Қуат (лақап аты «Найман») Хамитов бразилиялық Тиаго Луиз (лақап аты «Нигао») Насчиментоны айқын басымдықпен жеңді.

Сайыс басталысымен шабылға шығып, соққы жасаған қарсыласын Хамит жерге атып ұрды. Дегенмен, бір-біріне соққы жасауға мүмкіндік бермеген қос сайыскерді төреші тұрғызып жіберді. Бірақ, кезекті қарсыласын кезекті рет жерге атып ұрған Хамит, оны соққының астына алды. Бразилиялық есеңгіреп, қарсыласудан қалған соң, төреші 1-раундтың 3 минут 40 секундында сайысты тоқтатты. Осылайша Қуат кезекті қарсыласын «көміп тастап», «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар