19:14, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Аралда «МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бөлімшесі ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Арал қаласынан «МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының бөлімшесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Республика зейнетақы қызметі нарығында мемлекеттің тапсырысына сай құрылған бұл құрылымның салымшылар саны 2 млн. 636 мыңды құрайды. Аталмыш қор филиалының директоры Битөре Жанқожаевтың айтуынша, халықаралық талаптар негізінде сапа менеджменті жүйесінің ресертификация рәсімінен өтіп, сертификатын алған қор елмен етене қызмет жасайтындығына сенімді.