Аралда шағын кәсіпкерлік дамып келе жатыр - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Арал ауданы бюджетінің толығуына қомақты үлес қосатын шағын кәсіпкерліктер дамып келе жатыр. Салыстырмалы уақытта тіркелген субьектілер саны 1992-ге жетіп 9,4 пайызға, 3652 адам жұмыспен қамтылып 3,0 пайызға артып, түскен салық сомасы 84,5 мың теңгені құрап, өндірілген өнім көлемі 495,0 млн теңге болып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,6 пайызға артып отыр.
None
None

Ауданда жұмыс жасап жатқан 22 шағын несиелік құрылымдар бар. Атап айтсақ, 12 шағын несие ұйымдары, 7 екінші деңгейдегі банк филиалдары, «Арал ырысы» несие серіктестігі мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері мен «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау қоры».

2010 жылдың маусымына шағын несиелендіру құрылымдары арқылы 715 адамға 227413,0 мың теңге көлемінде несие берілді. Әйтседе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау мәселелері өзекті мәселе болып тұр. Несие беретін екінші деңгейлі банктердің төменгі пайыздағы несие беру қарқыны төмен, кепілге қоятын талаптары жоғары.

Берілген несиелер кәсіпкерлердің санының көбеюіне және жұмыс ауқымын ұлғайту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына алып келері сөзсіз. Жыл басынан 90 жаңа жұмыс орындары ашылып отыр. Атап айтар болсақ ауыл шаруашылығы саласында - 17 орын, сауда саласында - 46 орын, көлік байланыс саласында - 7 орын, басқа салаларда - 91 жаңа жұмыс орындары ашылды .

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдіснамалық қолдау, олардың бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейін арттыру мақсатында аудандық бюджеттен 2010 жылға 230,0 мың тенге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Соңғы жаңалықтар