Аралдағы «Камбала балық» ЖШС Украинамен келісім-шартқа отырды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Арал ауданындағы «Камбала балық» ЖШС Украинамен келісім-шартқа отырды. Серіктестік директоры Әлия Сүлейменованың айтуынша, шетелдерде балыққа сұра­ныс өте жоғары.
None
None

Жылына 500 тонна балықты экс­порт­қа шығаруға толық мүмкіндік бар. Ақеспе ма­ңын­да ұжымға қарасты 2 балықшылар бригадасы қостанып жатыр. Онда 20 тонналық 5 дана тоңазыт­қыш, 200 тоннаға дейін өнім сақтайтын қойма жұмыс істейді. Арнайы рефрежератор машина­сының болуы өнім сапасының жақсы сақталуының кепілі. Тәулігіне 5 тонна балық қатырылады. Жалпы, экспортқа осы өңірде өсірілетін ақ морта, көксерек, та­бан балық, торта өңделіп, жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар