11:58, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Аралдағы өнер мектебіне ғимарат берілді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Арал ауданындағы бұрынғы ішкі істер бөлімінің ғимараты аудандық өнер мектебінің қарамағына берілді.

Оны күрделі жөндеуден өткізіп қайта жаңғыртып шығу үшін аудандық бюджеттен 36 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер ретінде «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС қолға алды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп күтіліп отыр.