Аралдағы пошта байланыс торабы 32,8 млн теңгенің қызметін көрсетті - Қызылорда облысы
Сонымен қатар Аралқұм, Бекбауыл стансасынан жаңадан байланыс бөлімшелерін салу көзделіп отыр. Биыл Сексеуіл және Жақсықылыш байланыс бөлімшелері жаңа ғимаратқа көшірілді.
Сонымен бірге, Күршек, Конту, Жалғызағым, Сарышығанақ, Алтықұдық, Жаңақұрылыс, Бөген, Көне Бөген, Қаратерең, Қарашалаң, Жаңақоныс, Көлжаға, Тастақ, Аманөткел, Аққұлақ, Ақшатау елді мекендеріне СДМА WLL желісі арқылы, Көкаша елді мекеніне Sku Edg спутник байланысымен телекоммуникация қызметтерін пайдалануға абоненттерге толық мүмкіндік берілді.
2009 жылдың 5 айында Арал АТТ бойынша телефон нүктесінің саны 8260 дана болса, оның ішінде ауылдық елді мекен тұрғындарының пайдалануында 3218-ге жеткен. 2010 жылдың 5 айдың қорытындысымен барлық телефон саны 10114-ке толды.
Бүгінгі таңда ауылдық окруктерде 5094 телефон нүктесі бар. Байланыс жүйесінің жалпы өсімі 122 пайызға өсіп, ауылдық жерге құрылған телефон нүктелерінің өсімі 158 пайызды құрап отыр.